Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсы

Құрметті Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің “Қазақстандағы Анхальт Халықаралық университеті” филиалының студенттері!

Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің “Қазақстандағы Анхальт Халықаралық университеті” филиалы 2025/2026 оқу жылының екінші семестрінің қорытындысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурс “бакалавр дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру грантын беру қағидаларына” сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер төменде көрсетілген құжаттар тізбесін жинап, 20.06.2026 ж. кешкі 23-ке дейінгі мерзімде Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің “Қазақстандағы Анхальт Халықаралық университеті” филиалының қолданыстағы info@anhalt.university электрондық мекенжайына жіберуі тиіс

GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім беру туралы конкурсқа қатысу туралы өтініш (ТАӘ жазу жеке басына сәйкес келуі тиіс). 2 қосымшада өтініш үлгісі көрсетілген.

бір парақта сканерленген жеке куәлік

Құжаттардың барлық қажетті тізбесін міндетті түрде өзіңіздің корпоративтік электрондық поштаңыздан жолдауыңызды сұраймыз. Хаттың тақырыбында «ТАӘ-нің бос грантына өтініш» деп көрсетуіңізді өтінеміз.

Конкурсқа ақылы негізде оқитын және конкурс өткізу сәтінде пәндер бойынша академиялық берешегі жоқ студенттер қатыса алады.

Конкурсқа қатысқысы келмейтін студенттер Филиалдың поштасына жазбаша растау жіберулеріңізді сұраймыз

Құрметпен филиал әкімшілігі