Университет туралы

Anhalt International University — Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Hochschule Anhalt, Германия) Алматыдағы филиалы. Ағылшын тілінде неміс инженерлік білімі, екі диплом және Еуропада тағылымдама — Қазақстаннан көшпей-ақ.

Университет туралы

Деректер мен сандар

ТОП-10
қолданбалы зерттеулер бойынша Германия ЖОО-лары
169
UI GreenMetric әлемдік рейтингіндегі орын
7 000+
Hochschule Anhalt студенттері
100+
студенттер келетін елдер
2
диплом — қазақстандық және немі
150
оқуға арналған мемлекеттік грант
2024
Алматыдағы филиалдың ашылған жылы
4
бағдарлама: 3 бакалавриат және магистратура

Германиядағы бас университет

Anhalt қолданбалы ғылымдар университеті (Германия)

Германиядағы қолданбалы зерттеулер саласындағы ең мықты 10 университеттің қатарына кіреді. UI Green Metric университеттерінің жаһандық рейтингінде 169-орында.

Университетте 100-ден астам елден келген 7 000-нан астам студент білім алады. Заманауи зертханалар, практикаға бағытталған бағдарламалар, Германияның жетекші компанияларындағы тағылымдамалар ұсынылады.

Университет туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://www.hs-anhalt.de/

Hochschule Anhalt сайты →

Hochschule Anhalt

Казақстандағы филиалдың ашылу тарихы

2024 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Германияның Анхальт университеті мен Алматы энергетика және байланыс университетінің бірлескен жобасы ашылды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия үкіметінің қолдауымен жүзеге асты. Енді нағыз неміс сапасындағы инженерлік білімді шетелге шықпай-ақ алуға болады!

Казақстандағы филиалдың ашылу тарихы
2024 жылғы маусым
Energo University базасында филиал ашылатыны жарияланды
2024 жылғы қыркүйек
Алматыдағы филиалдың ресми ашылуы
2025 жылғы қыркүйек
Бакалавриаттың алғашқы студенттері қабылданды
2025 жылғы желтоқсан
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум
2026 жылғы сәуір
Оқуға 150 мемлекеттік грант бөлінді
2026/2027
Жаңа бағдарламалар: International Business және Logistics Management

Миссия

Біз болашақ студенттерімізге бірегей мүмкіндік ұсынамыз: Германиядан келген оқытушылардан ағылшын тілінде жоғары сапалы неміс инженерлік білімін Қазақстаннан шықпай-ақ алуға болады.

Сәтті болашақ дәл осы жерден басталады!

Тәжірибе
Бірінші курстан жобалық және зертханалық жұмыс
Неміс стандарты
Бас университеттің бағдарламалары мен оқытушылары
Еуропадағы мансап
3-курстан тағылымдама және дипломнан кейін жұмыс визасы
Қолжетімділік
Мемлекеттік грант бойынша оқу және басқа қалалардан келгендерге жатақхана

Басшылық

Профессор, доктор Йорг Багдан

Сәлеметсіз бе!

Менің есімім — Йорг Багдан. Сіздерді Алматыдағы кампусымызға шақыруға қуаныштымын!

Біз тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын ұсынамыз: электротехника, биомедициналық инженерия, халықаралық бизнес және логистика.
Anhalt International University — Қазақстанда неміс жоғары білім туралы диплом алуға мүмкіндік беретін бірегей оқу орны.

Біз кампусымызда талантты студенттерді қарсы алатынымызды мақтан тұтамыз. Сіздермен Алматыдағы Anhalt International University-де кездесуді асыға күтемін.

Профессор, доктор Йорг Багдан

Anhalt University of Applied Sciences президенті (Германия)

Білім беру бағдарламалары

Серіктестер және ынтымақтастық

AHK
Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігі
АЭжБУ (Energo University)
Филиалдың құрылтайшы-серіктесі, кампус
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ
Fachkräfteausbildung und Forschung
Алматы электромеханикалық колледжі
Ынтымақтастық туралы меморандум

Кампуспен танысуға келіңіз

Байтұрсынов көшесі, 124В. · +7 707 837 33 77 · info@anhalt.university

Құжат тапсыру