Мемлекеттік грант конкурсына қатысатын талапкерлер Anhalt International University-ді таңдау үшін ағылшын тілі сертификаттарын алдын ала тексертуі қажет
Anhalt International University («Қазақстандағы Анхальт халықаралық университеті» филиалы) мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарлап отырған талапкерлерге ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын (IELTS, TOEFL) сертификаттарын тексерту үшін қабылдау комиссиясына алдын ала жүгіну қажет екенін хабарлайды.
Бұл тексеруден Anhalt International University-де ағылшын тілі бойынша ішкі емтихан тапсырмаған талапкерлер өтуі тиіс.Сертификат тексерілгеннен кейін талапкер eGov, Testcenter және басқа да ресми өтінім беру платформаларында Anhalt International University-ді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Тексеруден өту үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– жеке куәлік;
– ҰБТ сертификаты;
– ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат.
Кеңес алып, құжаттарды өзіңізге ыңғайлы тәсілмен жолдай аласыз:
WhatsApp: +7 707 837 33 77
Телефондар: +7 707 837 33 77, +7 747 443 07 56
Электрондық пошта: info@anhalt.university
Қабылдау комиссиясының мекенжайы: Алматы қаласы, Байтұрсынулы көшесі, 126/1
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
күн сайын, 09:00–18:00
Анықтама:
Anhalt International University («Қазақстандағы Анхальт халықаралық университеті» филиалы) – Германияның мемлекеттік Hochschule Anhalt қолданбалы ғылымдар университетінің Орталық Азиядағы жалғыз филиалы. Филиал Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан. Бакалавриат бағдарламасына алғашқы студенттер 2025 жылы қабылданды.
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс
Анна Никитенко
PR-менеджер
Тел.: +7 777 055 19 92
Сайт: https://anhalt.university/
Instagram: @anhalt.university