Anhalt International University-дің виртуалды қабылдау комиссиясы

Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына құжат қабылдау кезеңінде (13–20 шілде аралығы) талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Anhalt International University виртуалды қабылдау комиссиясын іске қосты.

Егер талапкер басқа қалада болса немесе университетке жеке келе алмаса, қабылдау комиссиясының қызметін онлайн форматта пайдалана алады.

Google Meet платформасы арқылы оқуға түсу, құжат тапсыру және мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Қабылдау комиссиясының мамандары өтінішіңізді рәсімдеуге көмектесіп, сізді қызықтырған барлық сұрақтарға онлайн форматта жауап береді.

Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы не істеуге болады?

— Қабылдау комиссиясының қызметкері арқылы ағылшын тілі сертификатын растау және Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесіне енгізілетін деректерді дайындау.

— Білім беру бағдарламалары, ҰБТ нәтижесі және мемлекеттік грантқа түсу талаптары бойынша қабылдау комиссиясының мүшелерінен тікелей кеңес алу.

— Өтінішіңіздің мәртебесін тексеріп, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін барлық құжаттардың дұрыс рәсімделгеніне көз жеткізу.

Виртуалды қабылдау комиссиясына қосылу сілтемесі:

https://meet.google.com/swf-vrfp-pdr