Алматыдағы Anhalt International University-ге 150 мемлекеттікгрант

Неміс білімі енді бұрынғыдан да қолжетімді! 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласындағы Anhalt International University-де оқу үшін 150 мемлекеттік грант бөледі. БұлОрталық Азиядағы Германияның қолданбалы ғылымдар университеті Hochschule Anhalt-тың жалғыз филиалы.

Қазақстандық талапкерлер бакалавриатқа тегін оқуға түсе алады және Алматыда еуропалық инженерлік білім ала алады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер екі дипломға ие болады: қазақстандық және неміс.

Білім беру бағдарламалары:

– Электротехника және ақпараттық технологиялар

– Биомедициналық инженерия

Оқыту тілі — ағылшын. Қосымша неміс тілі оқытылады және Германияда оқуын жалғастыру мүмкіндігі бар.

Қабылдау талаптары:

•⁠  ⁠Бейіндік пәндер: Математика және Физика

•⁠  ⁠ҰБТ: 50 баллдан жоғары

•⁠  ⁠Ағылшын тілі: B2 (IELTS 5.5, TOEFL 69 немесе университеттің ішкі емтиханы)

•⁠  ⁠Ақылы оқу мүмкіндігі де бар

Қосымша бағдарламалар:

– International Business (бакалавриат)

– Logistics Management (магистратура)

Құжаттарды ерте тапсыру басталды: сауалнаманы толтыру
Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының WhatsApp нөміріне жазыңыз: +7 707 837 3377