Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің Қазақстандағы филиалы

Қос диплом, ағылшын тіліндегі оқу, тәжірибелер және Еуропадағы мансаптық мүмкіндіктер

Hochschule Anhalt Deutschland

Профессор Эдуард Сименс
Кавычка

Сәлеметсіз бе!

Менің есімім — Йорг Багдан. Сіздерді Алматыдағы кампусымызға шақыруға қуаныштымын!

Біз тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын ұсынамыз: электротехника, биомедициналық инженерия, халықаралық бизнес және логистика.
Anhalt International University — Қазақстанда неміс жоғары білім туралы диплом алуға мүмкіндік беретін бірегей оқу орны.

Біз кампусымызда талантты студенттерді қарсы алатынымызды мақтан тұтамыз. Сіздермен Алматыдағы Anhalt International University-де кездесуді асыға күтемін.

Кавычка

Профессор, доктор Йорг Багдан

Anhalt University of Applied Sciences президенті (Германия)

Оқытудың артықшылықтары

Екі диплом — неміс және қазақстандық

Ағылшын тілінде оқу + неміс тілін меңгеру

3 және 4 курс кезінде Германияның инженерлік компанияларында тәжірибеден өту

Диплом алғаннан кейін Германияда жұмысқа орналасу мүмкіндіктері

Тегін оқу: мемлекеттік грант бойынша қабылдау

Германиядан келген оқытушылар

Оқуға түсу оңай — білуге қажеттінің бәрі

Бізде оқудың бірнеше жолы бар. Өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз!

1.Филиалға және Германиядағы негізгі университетке қабылдаймыз

Білім беру бағдарламалары:

Электротехника және ақпараттық технологиялар: Бұл — болашақ технологиялардың негізі. Түлектеріміз түрлі салада жұмыс істеп, еліміздің дамуына өз үлесін қосады.

Биомедициналық инженерия: Мұнда заманауи медициналық құрылғыларды жасауды және биомедициналық мәселелерді инженерлік жолмен шешуді үйренесіз.

Оқуды бітіргенде екі диплом аласыз: бірі — қазақстандық, екіншісі — неміс үлгісінде.

Мұнда грантпен немесе ақылы бөлімде оқи аласыз (құны: жылына 4,4 млн тг).

Білім деңгейі: Бакалавриат

Оқу мерзімі: 4 жыл

ҰБТ-да мына пәндерді тапсырғасыз: физика + математика

Біз сізге мынадай мүмкіндіктерді ұсынамыз:

  • Инженерлік білімнің мықты негізін қалаймыз. ·

Тәжірибе жинауға, зертханада жұмыс істеуге басымдық береміз.

  • Энергетика, байланыс және машина жасау саласындағы еуропалық компанияларға жұмысқа тұруға көмектесеміз.

2. Тек Германиядағы негізгі университетке қабылдаймыз

Оқуды бітіргенде Германияның мемлекеттік университетінің дипломын аласыз. Бұл бағытта оқу тек ақылы негізде жүреді.

Бакалавриат: International Business – барлығы 30 орын.

Магистратура: Logistics Management – барлығы 30 орын.

Құны: жылына 4,4 млн тг (алғашқы 20 студентке оқу ақысына 10%-дық жеңілдік береміз).

Филиалға және негізгі университетке түскенде оқу қалай өтеді:

  • Оқу түрі: күндізгі (университетке келіп оқисыз)
  • Тілі: ағылшын тілі
  • Уақыты: 4 жыл
  • Неміс тілі: сабақ кестесіне енгізілген, тегін үйретеміз
  • Тәжірибе: 3-курстан бастап Қазақстан мен Германияда өтеді
  • Қорытынды: Анхальт университетінің қос дипломын береміз. Бұл диплом Германияда жұмысқа орналасу үшін виза алуды жеңілдетеді.

   Германиядағы негізгі университетке түскенде:  

  • International Business (Бакалавриат):

Аралас оқу (бірде университетте, бірде интернет арқылы).

  • Logistics Management (Магистратура): 4 семестр (интернет арқылы + 1 семестр Германияға барып оқисыз).

Филиалға және негізгі университетке түсу үшін:

  • Ағылшын тілін жақсы білуіңіз керек (B2 деңгейі):

IELTS Academic – 5.5-тен жоғары

TOEFL IBT – 69-дан жоғары

Университеттің өзінде емтихан тапсырасыз *

Уақыты: маусым айында (күндерін алдын ала хабарлаймыз).

  • ҰБТ нәтижесі:

грантқа түсу үшін – 70 баллдан жоғары, ақылы бөлімге – 50 баллдан жоғары жинағандарды қабылдаймыз (қосымша физика мен математикадан ішкі емтихан тапсырасыз).

  • Таңдау пәндері: физика + математика.
  • Басқа қаладан келгендерді жатақханамен қамтамасыз етеміз.

Германиядағы негізгі университетке түсу үшін:

International Business (Бакалавриат):

CV (түйіндеме)

  • Мотивациялық хат
  • Ағылшын тілін B2 деңгейінде меңгергенін растайтын құжат (IELTS 6.5)
  • Білім туралы құжат (мектеп аттестаты немесе диплом және оның қосымшасы/транскрипті)
  • Мектеп бітірушілер үшін қабылдау ҰБТ нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Талапкерде төмендегі пән комбинацияларының бірі болуы тиіс:
    — Математика + География
    — Математика + Физика
    — Математика + Информатика
    — Ағылшын тілі + Дүниежүзі тарихы
  • Жеке куәлік

 Құны: жылына 4,4 млн тг (алғашқы 20 студентке 10%-дық жеңілдік береміз).

Logistics Management (Магистратура):

  • CV (түйіндеме)
  • Мотивациялық хат
  • Ағылшын тілін B2 деңгейінде меңгергенін растайтын құжат (IELTS 6.0)
  • Бизнес-әкімшілендіру немесе соған ұқсас мамандықтар бойынша (кемінде 6 семестр) бакалавр дәрежесін растайтын диплом
    (мысалы: өндірістік инженерия, бизнес құқығы, бизнес негіздері қамтылған инженерлік мамандықтар және т.б.)
  • Жеке куәлік

 Құны: жылына 4,4 млн теңге

Қазақстандағы филиалға қалай түсуге болады?

  1. Құжаттарыңызды дайындаңыз (тізімі төменде).
  2. ҰБТ тапсырыңыз және ағылшын тілінен университеттің сынағынан өтіңіз.
  3. Қабылданғаныңыз туралы хабарлама алып, қыркүйекте оқуды бастаңыз.

Қажетті құжаттар:

  • Аттестат немесе диплом
  • ҰБТ сертификаты
  • Ағылшын тілін білетініңізді растайтын сертификат
  • Жеке куәлік
  • Фотосуреттер
  • Медициналық анықтама

Сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, қабылдау комиссиясына хабарласыңыз: +7 707 837 33 77

Университет туралы

Anhalt қолданбалы ғылымдар университеті (Германия)

Германиядағы қолданбалы зерттеулер саласындағы ең мықты 10 университеттің қатарына кіреді. UI Green Metric университеттерінің жаһандық рейтингінде 169-орында.

Университетте 100-ден астам елден келген 7 000-нан астам студент білім алады. Заманауи зертханалар, практикаға бағытталған бағдарламалар, Германияның жетекші компанияларындағы тағылымдамалар ұсынылады.

Университет туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://www.hs-anhalt.de/

Об университете

Казақстандағы филиалдың ашылу тарихы

2024 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Германияның Анхальт университеті мен Алматы энергетика және байланыс университетінің бірлескен жобасы ашылды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия үкіметінің қолдауымен жүзеге асты. Енді нағыз неміс сапасындағы инженерлік білімді шетелге шықпай-ақ алуға болады!

Об университете

Миссия

Біз болашақ студенттерімізге бірегей мүмкіндік ұсынамыз: Германиядан келген оқытушылардан ағылшын тілінде жоғары сапалы неміс инженерлік білімін Қазақстаннан шықпай-ақ алуға болады.

Сәтті болашақ дәл осы жерден басталады!

Об университете

Жиі қойылатын сұрақтар

– Жоқ, оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Неміс тілі оқу барысында оқытылады.

Тілді B2 деңгейінде меңгерген жағдайда кез келген семестрде тікелей Германия университетіне ауысу мүмкіндігі бар.

– Грант бойынша қабылданғандар үшін — тегін.

Алматыда неміс бакалавриатына ақылы оқу бағдарламасына қабылдау ашық!

ҰБТ — 50 балдан бастап
Математика + Физика
Ағылшын тілі B2 (IELTS 5.5, TOEFL 69, ішкі емтихан)

Оқу ақысы: жылына 4,4 млн тг
Алғашқы 20 студентке оқу кезеңінің толық мерзіміне дейін 10%-ға дейін жеңілдік

Толығырақ ақпарат: +7 707 837 3377

– Иә, Анхальт университетінің дипломы жұмыс визасын алуға мүмкіндік береді.

Оқуға түсу үшін білім туралы құжат, ҰБТ сертификаты, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат, жеке куәлік, фотосуреттер және медициналық анықтама қажет.

ҰБТ нәтижесі кемінде 50 балл болған жағдайда ақылы оқуға түсуге болады. Ол үшін математика және физика пәндерінен ішкі емтиханды сәтті тапсыру қажет.

Егер талапкерде IELTS немесе TOEFL сертификаты болмаса, DAAD стандарты бойынша ішкі офлайн емтиханды тегін тапсыра алады.

Қабылдау үшін келесі нәтижелер қабылданады:

  • IELTS — 5.5 және одан жоғары;
  • TOEFL — 69 балл және одан жоғары;
  • ішкі емтихан.

Ішкі емтихан үш бөлімнен тұрады: тест, мәтінді түсіну және шағын эссе. Әр бөлімге 25 минут беріледі.

Филиалда оқыған жағдайда студент Алматыда 4 жыл бойы күндізгі форматта білім алады, неміс тілін үйренеді және екі диплом алады.

Германиядағы бас университетке тікелей қабылданған жағдайда оқу гибридті форматта өтеді: онлайн оқу және Германияда бір семестр оқу қарастырылған. Студент неміс университетінің дипломын алады, ал оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.

Иә, басқа қаладан келген студенттерге жатақхана беріледі.

Қабылдау мерзімі білім беру бағдарламасына байланысты.

Бакалавриат, International Business

  • күзгі семестрдің басталуы — 1 қазан;
  • өтінімдерді қабылдау — 25 қыркүйекке дейін.

Магистратура, Logistics Management

  • жазғы семестрдің басталуы — 1 сәуір;
  • өтінімдерді қабылдау — 25 наурызға дейін.

Бакалавриат, Электротехника және ақпараттық технологиялар

  • күзгі семестрдің басталуы — 14 қыркүйек;
  • құжаттарды қабылдау — 1 маусымнан 25 тамызға дейін.

Бакалавриат, Биомедициналық инженерия

  • күзгі семестрдің басталуы — 14 қыркүйек;
  • құжаттарды қабылдау — 1 маусымнан 25 тамызға дейін.

Иә. Филиалдың білім беру бағдарламаларында оқитын студенттер 5-семестрден кейін академиялық қарызы болмаған жағдайда және неміс тілін B2 деңгейінде меңгергенін растаған кезде Германиядағы бас университетке ауыса алады.

Филиал студенттері неміс тілін бірінші курстан бастап оқиды, бұл оларға Германияда оқуын жалғастыруға дайындалуға мүмкіндік береді.

Тағылымдамалар 3-курстан бастап қарастырылған. Студенттер Қазақстандағы және Германиядағы инженерлік компанияларда тағылымдамадан өте алады.

Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан, бірақ неміс компаниясы болып табылатын немесе неміс бизнесінің құрамына кіретін компанияларда тағылымдамадан өтуге болады.

Иә. Ақылы бөлімге оқуға түсетін алғашқы 20 студентке оқу мерзімінің барлық кезеңіне 10%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Иә. Анхальт университетінің дипломы Германияның қолданыстағы талаптары мен көші-қон заңнамасына сәйкес таланттар визасына өтініш беруге негіз бола алады.