Қазақстан мектептерінің 2026 жылғы түлектеріне – Anhalt International University-де білім алуға 10 грант

Tech for Kazakhstan байқауына қатысып, өзекті мәселені шешуге көмектесетін әрі Қазақстанның дамуына үлес қосатын технологиялық идеяңызды ұсыныңыз.

Бағыттардың бірін таңдаңыз:

– AI Systems

– Экология

– Smart City

– Social Tech

Ағылшын тілінде презентация дайындаңыз:

•⁠  ⁠көлемі – 5 слайд;

•⁠  ⁠таныстыру уақыты – 10 минутқа дейін;

•⁠  ⁠идеяның мәні, оның пайдасы және жүзеге асыру мүмкіндігі нақты әрі түсінікті көрсетілуі тиіс.

Жобалар төрт критерий бойынша бағаланады: идеяның жаңашылдығы, Қазақстан үшін өзектілігі, жүзеге асыру мүмкіндігі және жобаны қорғау сапасы.

Үздік он жобаның авторлары Anhalt International University-де білім алуға грант иеленеді.

Anhalt International University – Қазақстанда орналасқан неміс мемлекеттік қолданбалы ғылымдар университетінің жалғыз филиалы.

Өтінім берудің соңғы күні – 2026 жылғы 7 тамыз.

Жобаларды таныстыру күні – 2026 жылғы 10 тамыз.

Өтінімді:

info@anhalt.university электрондық поштасына жіберуге немесе университет сайтындағы «Құжат тапсыру» батырмасы арқылы беруге болады.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге WhatsApp арқылы жазыңыз:

 +7 707 837 33 77