Tech for Kazakhstan
Технологиялардың көмегімен адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатынын білесіз бе?
Қазақстан үшін өзекті мәселелердің біріне шешім ұсыныңыз, жобаңызды қорғаңыз және Anhalt International University-де білім алуға грант иеленетін 10 жеңімпаздың бірі атану мүмкіндігіне ие болыңыз.
Tech for Kazakhstan — ауқымды ойлауға, инновациялық шешімдер әзірлеуге және елінің болашағын қалыптастыруға ұмтылатын 2026 жылғы мектеп түлектеріне арналған конкурс.
Бүгін тіркеліп, халықаралық білім алуға бастайтын алғашқы қадамыңызды жасаңыз.
Не істеу керек?
Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірін шешуге көмектесетін технологиялық жоба идеясын әзірлеңіз.
Бағыттардың бірін таңдаңыз:
— AI Systems
— Экология
— Smart City
— Social Tech
Дайын өнім жасаудың қажеті жоқ. Ең бастысы — тың әрі негізді идея ұсынып, оның қандай мәселені шешетінін және оны қалай жүзеге асыруға болатынын көрсету.
Қалай қатысуға болады?
Ағылшын тілінде презентация дайындаңыз.
Жобаға қойылатын талаптар:
● 5 слайд;
● баяндама ұзақтығы — 10 минутқа дейін;
● мәселенің сипаттамасы;
● сіз ұсынатын технологиялық шешім;
● жобаның Қазақстан үшін пайдасы;
● жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі.
Жобалар қалай бағаланады?
Сарапшылар алқасы жобаларды төрт критерий бойынша бағалайды:
✔ Идеяның инновациялығы
✔ Қазақстан үшін өзектілігі
✔ Жобаның жүзеге асырылу мүмкіндігі
✔ Презентация мен жобаны қорғау сапасы
Неліктен қатысу керек?
— Оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі.
— Өз инновациялық жобаңызды әзірлеу тәжірибесі.
— Идеяңызды ағылшын тілінде көпшілік алдында қорғау тәжірибесі.
— Университетке түсу және одан әрі білім алу кезінде портфолиоңызға қосуға болатын құнды жоба.
— Идеяңызды сарапшылар мен пікірлестерге таныстыру мүмкіндігі.
Маңызды күндер
✔ 2026 жылғы 7 тамызға дейін — қатысушыларды тіркеу және презентацияларды қабылдау.
✔ 2026 жылғы 10 тамыз — жобаларды финалда қорғау.
Қазір тіркеліңіз
Тіркелгеннен кейін сіз бірден мыналарды аласыз:
— Жобаның ұсынылатын құрылымы көрсетілген презентация шаблоны.
— Қатысушыларға арналған Telegram арнасына шақыру. Арнада конкурсқа қатысты барлық жаңалықтар, сұрақтарға жауаптар, ұйымдастырушылық хабарландырулар мен маңызды жаңартулар жарияланады.
Тіркелуге небәрі бір минут қажет.
Tech for Kazakhstan конкурсына қатысу үшін төмендегі форманы толтырыңыз!
Тіркелу аяқталды
Өтінімдерді қабылдау аяқталды