Anhalt International University студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер: Германия компанияларында өндірістік практика мен тағылымдамадан өту
Anhalt International University Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің (AHK Zentralasien) премиум-серіктесі атанды. Бұл мәртебе университет пен оның студенттері үшін неміс бизнес қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық кәсіби байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Серіктестік аясында тараптар студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруды дамытуға, Орталық Азияда жұмыс істейтін және Германиядан келетін неміс компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізуге, сондай-ақ білім беру, ғылыми, мансаптық және сарапшылық іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.
Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде Anhalt International University студенттері оқу барысында Германияның корпоративтік мәдениетімен танысып, кәсіби байланыстарын кеңейтуге, халықаралық бизнес ортасында тәжірибе жинақтауға және жұмыс берушілердің заманауи талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.
AHK Zentralasien ұйымымен серіктестік Қазақстандағы тәжірибеге бағытталған неміс білімін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болмақ. Мұнда академиялық дайындық экономиканың нақты секторымен тығыз ұштасады.
Анықтама
Anhalt International University – Орталық Азиядағы Германияның мемлекеттік Hochschule Anhalt қолданбалы ғылымдар университетінің жалғыз филиалы. Университет неміс академиялық стандарттарына сәйкес ағылшын тілінде инженерлік және бизнес салаларындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлайды.AHK Zentralasien (Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігі) – өңірдегі неміс бизнесінің мүдделерін білдіретін ресми ұйым. AHK неміс компанияларын біріктіріп, Германия мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ инвестициялық, білім беру және іскерлік бастамаларды қолдайды.