Anhalt International University мен Goethe-Institut ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Ықтимал бағыттардың қатарында студенттерге арналған неміс тілін үйрену және қазіргі неміс мәдениетімен танысу бағытындағы бірлескен іс-шаралар бар.

Goethe-Institut — бүкіл әлемде қызмет ететін Германияның халықаралық мәдениет институты. Институт неміс тілінің кеңінен таралуына ықпал етіп, халықаралық мәдени алмасуды дамытады.

Anhalt International University — Германиядағы Hochschule Anhalt мемлекеттік қолданбалы ғылымдар университетінің Орталық Азиядағы жалғыз филиалы. Ол Алматыда орналасқан.

Бұл ынтымақтастық студенттер мен оқытушылар үшін білім, тіл және мәдениет салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады.