Tech for Kazakhstan байқауының жеңімпаздары анықталды
Anhalt International University ұйымдастырған Tech for Kazakhstan байқауының жеңімпаздарын қуана жариялаймыз.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
- Кусаин Азбике
- Куликов Никита
- Канатова Гүлжанат
- Нұрмұхан Нұрдаулет
Жеңімпаздардың жобалары мазмұнды идеяларымен, өзектілігімен және Қазақстанның болашағы үшін заманауи технологияларды пайдалануға деген ұмтылысымен ерекшеленді.
Anhalt International University ұжымы атынан жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жобалар, шабыт және оқуда толағай табыс тілейміз.
Жаңа оқу жылында кездескенше!