Hochschule Anhalt вице-президенті Германияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілімен кездесті
Қазақстандағы «Anhalt International University» филиалында Hochschule Anhalt вице-президенті, профессор, доктор Ута Зеевальд-Хеег Германияның Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет бөлімінің басшысы Вольфганг Фаустпен кездесті.
Кездесу барысында Германия мен Қазақстан арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды дамыту, ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ неміс жоғары білім беру стандарттарын ілгерілету мәселелері талқыланды.