Инженерлерге арналған лингвистика: профессор Ута Зеевальд-Хеег мәдениеттер арасындағы тілдік көпірлер жайында

Алматыға жасаған сапары аясында Hochschule Anhalt университетінің вице-президенті, профессор, доктор Ута Зеевальд-Хеег Anhalt International University студенттеріне ашық дәріс өткізді. Бұл – Орталық Азиядағы неміс қолданбалы ғылымдар университетінің жалғыз филиалы.

Дәріс неміс тіліне арналды: оның тарихы, дамуы және басқа тілдерге әсері — ағылшын және қытай тілдерінен бастап, орыс және қазақ тілдеріне дейін.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, диалогқа қызығушылықпен қатысты.

Мұндай форматтағы дәрістер — кең ой-өрісі мен халықаралық көзқарасы қалыптасатын заманауи инженерлерді дайындайтын білім беру ортасының маңызды бөлігі.